СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Мен құлағымды қай жерде тестіре аламын?

Қазақстанда құлақ тесумен әртүрлі мекемелер айналысады, ол – арнайы клиникалар, институттар, сұлулық салоны, тату, пирсинг салондары және т.б. Егер құрал-жабдықтар («пистолеттер») арқылы тесу түрін айтатын болсақ, онда ол косметологиялық салондар, медициналық мекемелер мен сұлулық салондары.

Құлағыңызды қай жерде тескіңіз келеді, ол Сіздің қалауыңыз. Ең бастысы Сіз таңдаған орынның ахуалы – шынымен де бұл жерде өз ісінің білікті маманы жұмыс істейді деп тұрса болғаны.

Құлақ тесер алдында не нәрсеге көңіл аудару керек?

Құлақ тесудегі ең бастысы әрі маңыздысы – ол  маманның қолынан бастап шара өтетін бөлмедегі тазалық пен зарарсыздыққа көңіл бөлу. Естеріңізде сақтаңыздар – барлық ине-сырғаларды тек бір рет қана пайдалануға болады. Олар зарарсыздандырылған қорапта болуы тиіс, сол себепті косметологтан таңдаған сырғаңызды сұрап қолыңызға алып көруге қысылмаңыз.

Қорапты мұқият қараңыз, ол бүтін болуы керек, артқы жағында зарарсыздандырылған туралы маркировка, STUDEX корпорациясының түпнұсқа жазуы мен қазақ және орыс тілдеріндегі стикері тұруы тиіс. Өзіңіз таңдаған сырға-ине мен басқа да құрал-жабдықтардың зарарсыздандырылғанына көзіңіз жеткеннен кейін ғана құлақ тесу әрекетіне көшуге болады. Және де косметологтың арнайы медициналық қолғап арқылы тескенін қадағалаңыз.

Ауырта ма?

Осы сұрақты бізге өте көп қояды. Егер инемен тесу туралы айтатын болсақ, онда жауабымыз – ИӘ. «Пистолетпен» тесу арқылы, Сіз ауыруды сезу қабілетін азайтасыз. STUDEX SYSTEM 75 технологиясын қолдану арқылы тесу шарасы тек бірер секунд уақытты ғана алады: Сіз құлағыңызда сырға тұрғанын байқамай да қаласыз. Бұл жүйе әсіресе кішкене балаларға өте қолайлы, ол шұғыл әрі ауырмайтын тесу түріне кепілдік беріп қана қоймайды, ол дыбыссыз әрі балаларды жиі қорқытатын дәстүрлі «атусыз» өтеді.

Неше жастан құлақ тесуге болады?

Бұл сұраққа ешкім біркелкі жауап бере алмайды. STUDEX – әлемнің 6 континентінің барлық елдерінде ұсынылған, сол себепті біз осыған әртүрлі пікірлер бар екенін білеміз. Көптеген ата-аналар балаларының құлағын ертерек тескісі келеді. Біз ең алдымен, балалардың негізгі екпелерін алатын уақытты күтуіне кеңес береміз. Ол үшін балалар дәрігеріне баруыңыз қажет. Сонымен қатар, біз баланың өзі керек па, жоқ па деп түсінетін уақытқа жетуін тосуға кеңес береміз. Кейбір балалар құлақтағы сырғаларын 5 жасында тағып бақытты болғысы келеді, кейбірі тек 15 жасында, ал кейбіреулері мүлдем таққысы келмейді. Егер Сіз және Сіздің балаңыз уақыты жетті деп шешсеңіз, онда Сіз STUDEX арқылы ең жоғары сапаға қол жеткізетініңізге сенімді бола аласыз, себебі біздің жүйеміз құлақ тесу саласындағы әлемдік топбасшы болып табылады. Біз балаларға  тек SYSTEM 75-ті (оның артықшылығын БІЗДІҢ ӨНІМДЕРІМІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ бөлімінде).

Қолдануыңызды сұраймыз. Құлақ тесер алдында ата-аналарға балаларымен сөйлесіп алуларын ұсынамыз, өйткені, мамандар қатты қорқып, қашып, жылап тұрған балалардың құлағын тесуі екі талай, ондай жағдай болғанда келесі жолы келген дұрыс болады. Құлақ тескен кезде өздерін сабырлы ұстаған балалардың құлағының жазылуы да ешқандай машақатсыз өтетінін алдыңғы тәжірибелер көрсетуде.

Құлақты өзімізге тесуге бола ма?

Егер Сіз осы саланың маманы болмасаңыз, онда өз еркіңізбен құлақ тесуіңізге болмайды. «Үй жағдайында»: ине, сутек тотығы, мақта және жай сырғаның көмегімен тесуге мүлдем рұқсат етілмейді. Нақты бір икеміңіз болған жағдайда STUDEX SYSTEM 75-тің көмегімен өзіңіз тесуіңізге болады. Бұл өте қауіпсіз құлақ тесетін технология: аспаптың теріге сүйкенетін барлық бөліктері тек бір рет қолдануға ғана жарайды, ал жүйенің өзі болса пайдалануда өте қолайлы әрі түсінікті.

Бірақ өз еркіңізбен құлақ тесу әрқашан ықтимал қауіп-қатерге толы екенін ұмытпаңыз! Ол дұрыс жасалмаған шара, қызару, қабыну, инфекция жұқтыру және де күтім кеңестерін сақтамаудың нәтижесінде болуы мүмкін. Сол себепті ең дұрыс кеңес: мамандарға сенім артыңыз.

Құлақ тесуге өз сырғаммен барсам бола ма?

Құлақ тесуге байланысты сұрақтардың ішіндегі маңызды сұрақтардың бірі – ол сырға мәселесі. Есіңізде сақтаңыз: «пистолет» арқылы тескен кезде тек қана сырға-инелер ғана пайдаланылуы қажет, құлағыңызды тескеннен кейінгі Сіздің алғашқы сырғаңыз ретінде сырғалардың басқа түрі болмауы тиіс!

Егер STUDEX жүйесі туралы айтатын болсақ, біз өзіміздің құралдарымыз үшін арнайы сырға-инелер шығарамыз, оның мынадай бірнеше елеулі артықшылықтары бар:
-біздің ине-сырғаларымыз толық зарарсыздандырылған және де тесілген орынды инфекция мен қабынудан сақтайтын аллергия тудырмайтын заттардан жасалған;
-сырғалардың алуан түрлілігі. Біз қандай талғамға болса да медициналық сырғалардың алуан түрін ұсынамыз. Сіз оны міндетті түрде 6 апта (каналдың жазылу уақыты) тағатын уақыттан кейін де тағуыңызға болады;
-STUDEX жабдықтарымен толық сәйкестік;
-қол жетімді баға.

Медициналық ине-сырғаларды қаншалықты ұзақ тағу керек?

Егер сіз құлақтағы сырғалықты тессеңіз, онда ең аз дегенде дұрыс тесік қалыптасып, оның толық жазылуы үшін 6 апта, ал егер құлақтағы шеміршекті тессеңіз, онда 12 апта шешпей тағуыңыз керек. STUDEX ине-сырғаларымен құлақты тесу – оның бірегей құрылысының нәтижесінде, «тесік» емес, бұлшық еттердің жылжытып, толық зақымсыз, ауыртпайтын әдіс болып табылады.

Тесік орнын қалай күтуге болады? Құлақты тескен соң төмендегі кеңестерді бұзбай орындау өте маңызды (Тесік орнын күтудің нұсқаулығы):

1. Ине-сырғаларды құлақты тескеннен кейін 1,5 ай бойы (6 апта) шешуге болмайды. Бұл уақытта тесік жазылып оның дұрыс формасы қалыптасуы қажет. Осы мерзімнен соң тесік бітелмейді.

2. Бастапқы 2-3 күнде басты жууға, бассейн, сауна, монша, су қоймаларына тусуге болмайды. Сонымен қатар ауыр салмақтан және белсенді спортпен шұғылданудан бас тартуға тура келеді. Күнделікті (2 уақыт – таңертең және кешке сумен жуынар алдында) STUDEX (гель немесе лосьон) фирмасының арнайы өнімдерімен тесікті екі жақтан сүртіңіз, одан кейін сырға-инені шешпей алдыға-артқа қозғаңыз!!!

3. Құлақты тескеннен кейін, 3-4 күн өткеннен соң сырғаны күніне бірнеше рет 1-2 минуттай екі жаққа бірдей бұрап тұру керек, және де сырғаның ілгегін шешпей алдыға-артқа қозғап тұру керек. Ол тесіктің жүрмей қалуынан сақтайды әрі оның кеңеюі үшін де қажет. 1,5 ай өткеннен кейін сырға-инені шешуге болады. Бірінші ретінде ілгегі шешілгенде қиындық туғызуы мүмкін. Сол себепті, бір қолыңызбен екі саусақтың көмегімен алдындағы сырғаның «басынан» мықтап ұстап, ал екінші қолыңызбен ілгегін абайлап артқа тартыңыз. Міндетті түрде қолыңыздың таза болғаны дұрыс әрі асықпағаныңыз абзал.

4. Сырғаны шешкеннен соң тесік − сырға-иненің көлеміндей ғана болады, сол себепті тағатын басқа сырғаңыздың көлемі үлкен болмауы керек және де «ағылшын құлпы» болмауы керек. Сіз тағар кезде тесікті жарақаттап инфекция кіргізіп алуыңыз мүмкін.
Жаңа сырға тағардан бұрын, оны алдымен МІНДЕТТІ ТҮРДЕ спиртпен сүртіп алыңыз. Құлақтың сырғалығы − өте жұмсақ әрі созылмалы бұлшық ет, сол себепті, уақыт өте келе құлағыңыздың тесігі қандай сырғаның болмасын диаметріне сәйкес келетін болады.

5. Қабынған жағдайда (тескеннен кейінгі 1,5 ай ішінде) құлағыңызды тескен маманға барып кеңес алғаныңыз дұрыс. Өздігіңізден ем-дом жасамаңыз.

6. Келешекте қажет болар кеңестер:
Қандай сырға тақсаңыз да ілгегін сырғалыққа қатты жақын қыспаңыз. Көптеген адамдар ілгекті жоғалтпау мақсатында немесе тағы да басқа түсініктерге байланысты солай істейді, бірақ та ол нәтижесінде жағымсыз жағдайға әкеп соғады.

Тесік орны ісіп кетсе не істеу керек?

Біріншіден, ине-сырғаны пайдалану нәтижесінде құлағыңыздың қабынуынан құтылуға болатынын ұмытпаңыз! Егер тесе салысымен кішкене ауырып кішігірім қызару пайда болса, онда ол – қалыпты жағдай. Егер де Сіз тескеннен соң айтылған кеңестерді (8-ші пункт) дұрыс орындайтын болсаңыз, бұл белгілер 48 сағаттың ішінде кетіп қалуы тиіс. Қызарып қабынғаны тарамаған болса, онда ілгектің құлақ сырғалығына тақалып тұрмағанына көз жеткізіңіз, егер солай боп тұрса, онда артын сәл босатыңыз: тесікке ауа келіп тұруы қажет – ол жазылуды тездетеді.

Если по прошествии 6 недель у Вас появились признаки воспаления обратитесь к специалисту!
6 апта өткеннен соң қызару пайда болса маманға барғаныңыз дұрыс!

Инфекция түскен жағдайда Сізге арнайы құлақ күтіміне арналған STUDEX гельдері мен лосьондары инфекцияны жойып қабынудың жазылуына көмектеседі. Ол көп жағдайда мойын орағышты, бас киімді киіп-шешкенде пайда болған кішкентай алшақтықтың нәтижесінде қызарып жатады. Бұл жағдайда да, STUDEX гельдері мен лосьондарын қолдануға кеңес береміз.
Егер де Сіз күнделікті жай сырға тағатын болсаңыз, бірақ тесілген орын қайталанып қабынып тұрса, онда Сіздің сырғаңыздың құрамындағы бір затқа аллергия болуы мүмкін. Уақытша тақпай тұра тұрыңыз немесе басқа сырғаға алмастырыңыз. Осы аралықта STUDEX гелін қолданып, сырғаны лосьонмен сүртіп жүріңіз.

Менің сырғаға аллергиям бар. Не істеу керек?

Өкінішке орай, көп жағдайда тесік жазылатын 6 апта уақыт өткеннен соң, Сіз медициналық сырғаны өзіңіздің бұрыннан таққыңыз келіп жүрген сырғаңызға алмастырған кезде қабыну пайда болады. Ол жиі қайталанып тұруы мүмкін, кейде үнемі мазаңызды да алуы мүмкін. Мамандар оған шарасыз екенін айтады, ол деген көп жағдайда Сіздің сырғаға аллергияңыздың бар екенін білдіреді. Кейде бұған жай ғана сырға алмастыру көмектесіп жатады, ал кейде аллергия қабыну түрінде де үнемі қайталанып тұрады. Көптеген қыздар осындай машақаттан соң өздерінің медициналық сырғаларын еске алып, қайтадан сәтті қолдана бастайды. STUDEX бұл машақаттың қызықты шешімін ұсынады: терісі аса сезімтал қыздарға арнап біз SENSITIVE аллергиясыз сырғалар сериясын ойлап шығардық.

Бұл серия недәуір артықшылықтарға ие:
толық аллергиясыз, сапа жағынан медициналық сырғалардан кем емес;
ол жоғары сапалы хирургиялық құрыштан жасалған;
алтын жалатылған (24 карат – 99 сынап) гальваникалық әдіспен 20-дан 30-ға дейінгі микрон аралығында, оның бүркеуден артықшылығы 10 жылға дейін жойылмай сақталады;
классикалық таңдамалы дизайн (әрқашан сән үлгісінде);
қосымша ретінде циркон мен Сваровски кристаллдары қолданылады.

Кімге құлақ тесуге болмайды?

Құлақ тесу жақпайды, егер де Сізде:
қатерлі созылмалы аурулар болған жағдайда (тері аурулары, диабет және т.б.);
келоидқа бейімделген жағдайда;
жаралар ұзақ жазылатын болса;
жуық арада (2 аптадай) инфекциялық аурумен ауырған жағдайда;
әлсіздік болғанда;
иммундық жүйе қатты әлсіреген болса;
белгілі металл түрлеріне аллергия болса.

Егер де біз Сіздің сұрағыңызға жауап бермеген болсақ, онда міндетті түрде бізбен хабарласыңыз info@studex.kz, біз міндетті түрде жауап береміз.

 

Байланыста болыңыз!

Studex Russia - Facebook Studex Russia - Facebook

Studex Kazakhstan - Vkontakte Studex Kazakhstan - Vkontakte

Studex Kazakhstan - Instagram Studex Kazakhstan - Instagram

YouTube Біздің бейнебаяндарымыз.

Pinterest Посетите Pinterest.

email Хат жазыңыз.

rss RSS-қа жазыңылыз.

Studex Одақтастығында

Studex Russia
+7 495 485-5922
+7 495 485-5745

Studex Ukraine
+38 044 331-1515
+38 044 490-5302

Studex Kazakhstan
+7 (727) 344 99 49
+7 (727) 329 50 72

Өте жеңіл