2012 жылғы сән үлгісіндегі әшекейлер

Серьги Стили 2011/2012

Бұл жерде Сіз «Сырғалар» тақырыбына қатысты сәндік үлгілерді таба аласыз.

Қандай сырғалар қазіргі таңда сұранысқа ие.
Қандай сырғалар 2012 жылғы сәндік үлгіде.
2012 жылғы құлаққа тағатын әшекейлер түрі тағы да әр алуан.
Бұл сырғалар бағалы металлдан жасалған, әрі сәндік бижутерия.

Сәндік үлгіге жататын сұранысқа ие сырғалар туралы айтып береміз:

1. Шеге-сырғалар. Олар әрқашан сәндік үлгіде.
Шеге-сырғалар әрбір әйел адамда бар. Олар әр киім үлгісіне, әрбір іс-шараларға жарай береді. Оны тақсаң ешқашан қателеспейсің. Көптеген әйелдер мен ер адамдар осы шеге-сырғаларды жақсы көреді, өйткені олар көп функционалды.
Шеге-сырғалар әрқашан әдемі көрінеді.
Шеге-сырғаларда әртүрлі қоспалар болады. Гауһар тасы бар және табиғи меруерті бар сырғалар – ол бұрынғы классикалық үлгіде. Ол сәннен де уақыттан қалмайды. Жасанды тастардан жасалған тастар өте сапалы болса, онда олар да осы топқа жатады. Гүлдер, жұлдызшалар, жүректер – бұл формалар ең сүйікті сырғалар. Көптеген елдерде әйелдер жұлдыз жорамалындағы жыл он екі айдың белгілері бар сырғаларды таққанды ұнатады.
Алтын сырғалар (750 және 585°) әрқашан сымбатты көрінеді.
Мысалы, гауһар тасы бар шеге-сырғаны Сандра Буллок тағады.

2. Үлкен – яғни әдемі.
Үлкен сырғалар – олар әрқашан әдеттегіден тыс болып көрінеді. Олар әртүрлі материалдар мен формалардан жасалып, түрлі түсті болып келеді.
Бұл сырға түрлері бірден жұрт назарын өзіне аудартады. Үлкен сырғаның бірнеше түрлері бар. Біз оларға 3-5 пунктерде арнайы тоқталамыз.
Маңызды мәселе – үлкен сырғалар бірден өзіне адамның көзін түсіреді. Егер Сіз басқа көзге түсетін ешқандай әшекей тақпаған болсаңыз, бұл сырғалар сондай ерекше көз тартады.
Ерекше жағдайларда тағуға кеңес береміз.

3. Қауырсынды сырғалар
Табиғи және жасанды қауырсыннан жасалған сырғалар былтырғы жылдан бері әйелдердің құлақтарын әшекейлеп келеді. Қоңыр, қара, ақ, аққызыл түсті болып араласып келген тауыстың қауырсындары өте әйгілі. Бұл сырғалардың артықшылығы – үлкен бола тұра жеңілділігі. Бұл туралы әртүрлі пікір болғанмен, қызығушылық азайған емес. Бұндай сырғаларды Дрю Берримор және Парис Хилтонның құлағынан көре аламыз.

4. Үлкен дөңгелектер
Қарапайым, бірақ көптен бері сәннен шыққан емес. Бұған дәлел – Дженифер Лопез, оны бұл дөңгелек сырғасыз өте сирек кездестіреміз.
Англияда жартылай дөңгелек сырғаларды өте жақсы тағады. Көбісі жай алтыннан, күмістен, хирургиялық құрыштан жасалған қарапайым дөңгелек сырғаларды ұнатады.
Сәндегі бетбұрыс – сәндік элементтері бар дөңгелек сырғаларға әкелері сөзсіз: гауһартас, циркон, меруерт және де басқа тастардан жасалған.
Салбыраған сырғалар. Арманшыл әрі шығыстық үлгіде.
Бұл сырғалар түрі – ретро. Бірақ олар сүйікті, әлі күнге дейін әйгілі. Гвинет Петроу, Камерон Диаз, Николь Кидман бұл сырғаларды өте жиі тағады, бұлар олардың нәзіктігін білдіреді.

5. Салқын әдемілік
Қара тастар сәнде: қара оникс, антрацит. Бұл сырғалар түрі тек металл түрін қажет етеді, сол себептен оған күміс, титан, құрыш қолданылады.

6. Сән күнделігі
Бұл жерде сәннің беталысы, жұлдыздар туралы, сұлулық өндірісінің жаңалықтары және де тағы басқа құлақ тесу мен сырғаларға байланысты ақпаратты оқи аласыз.

Leave a Reply

You must be logged in to post a comment.

Байланыста болыңыз!

Studex Russia - Facebook Studex Russia - Facebook

Studex Kazakhstan - Vkontakte Studex Kazakhstan - Vkontakte

Studex Kazakhstan - Instagram Studex Kazakhstan - Instagram

YouTube Біздің бейнебаяндарымыз.

Pinterest Посетите Pinterest.

email Хат жазыңыз.

rss RSS-қа жазыңылыз.

Studex Одақтастығында

Studex Russia
+7 495 485-5922
+7 495 485-5745

Studex Ukraine
+38 044 331-1515
+38 044 490-5302

Studex Kazakhstan
+7 (727) 344 99 49
+7 (727) 329 50 72

Өте жеңіл